15 мамыр күні Т.Әлімқұловтың “Қош бол, Қараой!” қойылымының алдында Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов биылғы “Махамбет атындағы Халықаралық әдеби сыйлығын” табыстады. Мәртебелі марапат белгілі ақын Иран-Ғайыпқа және сыншы, өнертанушы, театр зерттеушісі Әлия Бөпежановаға бұйырды. Осы орайда, біз Әлия апайды арнайы атап өткіміз келеді.
Бұл — Әлия Қаһарманқызына берілген кездейсоқ сый емес. Әлия апамыз Махамбет атындағы қазақ драма театрының тарихын зерттеп, 80 жылдық мерейлі дата қарсаңында кітап жазып шыққан еді. Бұл – жай ғана кітап емес, ғылыми монография, мәдени-рухани мұра.
📖 Айтулы еңбек – архивтер мен кітапханаларда отырып, тиянақты зерттеу арқылы жазылған, театр тарихын жүйелі баяндаған, ұрпаққа қалдырылған құнды дүние. Театр өмірінің соқпағы, сахна шеберлерінің ізі, шығармашылық биіктер — бәрі осы кітапта.
🎭 Театр ұжымы үшін бұл – үлкен мәртебе!
💐 Сондықтан да, сыйлықтың дәл иесін тапқанына қуанып, Әлия Қаһарманқызын шын жүректен құттықтаймыз!