Халық жүрегіндегі өнер тарланы - Mahambet-teatr.kz
16/05/2025

Халық жүрегіндегі өнер тарланы

Бүгін — сахна тарланы, театр өнерінің өрісін кеңейткен қайраткер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті режиссер Шапай Зұлқаштың дүниеден озғанына 5 жыл (бүгін жерге түскен күні) толып отыр.

1938 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Орпа ауылында өмірге келген Шапай ағамыз өмірін театрға арнап, сахна мен режиссураны, өнер мен халықты жүрегімен сүйді. Ол — Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрыныңдамуына зор үлес қосқан тұлға.

Актерлікпен қатар, ұлт руханиятына серпін берген режиссер ретінде де есімі ел есінде. Оның сахнаға әкелген кейіпкерлері, режиссерлік қолтаңбасы — бүгінгі өнер ұрпағына үлгі.

Шапай Зұлқаш – тек өнер иесі ғана емес, ұлтының шын жанашыры, адамдық келбетімен де биік тұлға еді.

Ұлтына ұлағат қалдырған ұлы адамды еске ала отырып, оның рухы алдында бас иеміз. Еңбегі ел жадында мәңгі жаңғырып тұрады.